Баланың 18 жасқа толуына бастапқы капиталды қалай жинауға болады
Облигацияларға инвестициялау — баланың болашағын инженерлік дәлдікпен жоспарлауға мүмкіндік беретін құрал.
Қазақстандағы ата-аналардың басым бөлігі балалардың болашағын бірдей жоспарлайды: депозит ашады немесе қолма-қол ақша жинайды. Алайда 5-10 жылдық көкжиекте дәстүрлі тәсілдер көбіне инфляциядан ұтылады немесе қажетті қарқынмен капитал жинауға мүмкіндік бермейді.
Облигацияларға инвестициялау — баланың болашағын инженерлік дәлдікпен жоспарлауға мүмкіндік беретін құрал. Бұл ақша жинау жолдының отбасылық капитал үшін неге базалық шешімге айналып жатқанын түсіндірейік.
Балалар үшін капитал құрғанда негізгі фактор — уақыт. Бірақ уақыттың екі жауы бар: құбылмалылық пен төмен табыстылық.
1. Акциялар — қысқа және орта мерзімдегі лотерея. Балаңызға ақша қажет болғанда, мысалы, университет ақысын төлеу үшін, шотыңызда жоспарлағаныңыздан 30-40% аз сома болуы мүмкін.
2. Депозиттер барынша қауіпсіз, алайда олардың табыстылығы инфляцияны әрең жабады. Олар қаржылық қауіпсіздік жастығы үшін тиімді, бірақ ірі капитал құру үшін жеткіліксіз.
3. Ал облигациялар нақты сценарийді ұсынады: сіз ақша қайтарылатын күнді де, табыстың нақты мөлшерін де алдын ала білесіз. Бұл биржа жаңалықтарын үнемі бақылау қажеттілігін жояды. Сонымен қатар Қазақстанда облигациялардан түсетін табыс жеке табыс салығынан босатылған.
Кейс
Елестетейік, отбасыда 4 млн теңге бар, сол үй баласының кәмелет жасына жетуіне екі жыл қалды. Мақсат — соманы 6 млн теңгеге жеткізіп, беделді жоғары оқу орнының ақысын төлеу немесе пәтерге бастапқы жарна жинау.
Ол үшін 25%-дық жылдық табыстылығы бар және жылына екі рет төлем жасайтын құрал таңдалады.
Механикасы: Отбасы номиналы 1 млн теңгеден тұратын төрт облигация сатып алады.
Процесс: Әр алты ай сайын шотқа тұрақты түрде 500 000 теңге түседі. Инфляцияға, жаңалықтарға немесе валюта бағамдарының ауытқуына қарамайды.
Нәтиже: Дәл екі жылдан кейін шоттағы ақша 6 млн теңгені құрайды. Оның 4 млн теңгесі бастапқы капитал, ал 2 млн теңгесі жиналған пайыздар.
Бұл кейсте келтірілген параметрлер кездейсоқ емес. Бұл — Бухта облигацияларының шарттары:
• Купондық мөлшерлеме: жылына 25%.
• Құны: бір облигация үшін 1 млн теңге.
• Купондық төлемдер: жылына 2 рет.
• Орналастыру мерзімі: 2 жыл.
Бұл көрсеткіштерді есепке енгізуіміздің себебі — олар нарықта сирек кездесетін теңгерімді көрсетеді: жоғары табыстылық пен нақты жоспарлау көкжиегі.