«Бухта» қаржы директоры Мадина Нұрпейісова «The Best CFO» марапатына ие болды
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында қаржы секторының көшбасшылары марапатталды.
4 наурызда Алматыда XIII жыл сайынғы CFO Summit өтті. Іс-шара экономикадағы өзекті мәселелерді, тәуекелдерді басқаруды және бизнестегі қаржы саласының трансформациясын талқылау үшін топ-менеджерлерді, реттеуші органдардың өкілдерін және сарапшыларды біріктірді.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында қаржы секторының көшбасшылары марапатталды. Kazakhstan Growth Forum бастамасымен табысталатын «The Best CFO» марапатына «Бухта» fintech-компаниясының қаржы директоры Мадина Нұрпейісова ие болды.
Бұл сыйлық өзгеріп жатқан нарық жағдайларына бейімделе алатын және басқаруда инновациялық тәсілдерді енгізетін CFO-лерге беріледі. Бүгінде олардың рөлі дәстүрлі бухгалтерлік есептің шеңберінен шығып, компания стратегиясын қалыптастыруға және ішкі процестерді автоматтандыруға қатысуды қамтиды.

Мадина Нұрпейісова, CFO «Бухта»:
«Командамды және компания өнімдерін мақтан тұтамын. «Бухтада» біз кәсіпкерлерді күнделікті рутина мен бюрократиядан арылтып, олардың бизнестерін автоматтандыру мен дамытуға арналған цифрлық инфрақұрылым құрып жүрміз. Ал қаржы директорының рөлі — осы процестердің барынша ашық әрі тиімді болуын қамтамасыз ету.
Біз ашық цифрлық орта құрудамыз және бизнес тиімділігін арттыратын IT-шешімдерді ауқымдау бойынша атқарған жұмысымыздың нәтижесін сарапшылар қауымдастығы бағалағанына қуаныштымын».