Неліктен Қазақстандағы табысты бизнес несие алады: «пайдалы» қарыздарды талдау

Дұрыс қолданылған жағдайда несие — бизнесті масштабтаудың тиімді құралы.

Қазақстандағы кәсіпкерлердің көбі «өз ақшаңа өмір сүр» деген ұстаныммен жүреді. Қарыздың болмауы тұрақтылықтың белгісі сияқты көрінеді. Бірақ шектен тыс сақтық көбіне тоқырауға алып келеді.

Сіз жаңа тауар партиясына немесе жабдықты жөндеуге таза пайдадан ақша жинап жүргенде, бәсекелестер қарыз қаражатын пайдаланып, нарықтағы үлесіңізді алып қоюы мүмкін. Дұрыс қолданылған жағдайда несие — бизнесті масштабтаудың тиімді құралы.

Қандай жағдайларда қарыз қаражаты өз қаражатыңыздан тиімдірек болатыны туралы Бухта fintech-компаниясының head of project маманы Абылқасым Әбілденов айтып береді.

1-сценарий: Айналым қаражатының өтімділігін басқару

Бұл — ритейл мен қызмет көрсету саласындағы ең жиі кездесетін мәселе. Бұл жағдай мынадай: қағаз жүзінде табыс жақсы көрінгенімен, айналымда нақты ақша жетіспейді. Қаражат тауарда, дебиторлық берешекте немесе алдын ала төлемдерде «қатып» тұратын жағдай.

Мысал: Дәріханалар желісі маусымдық дәрілердің ірі партиясын сатып алды, ал жеткізушімен есеп айырысу «кеше» керек болып тұр.

Пайдасы: Қысқа мерзімді микрокредит өтімділік тапшылығын жедел жабуға көмектеседі. Ақшаны 10-14 күн пайдаланғаныңыз үшін артық төлем аз болады, есесіне сатылым тоқтамайды және серіктестер алдындағы беделіңіз сақталады.

2-сценарий: Өнімділікті арттыру үшін жабдық сатып алу

Егер білдек, автокөлік немесе серверлік қуат көбірек өндіруге / жеткізуге мүмкіндік берсе, оларды сатып алуға алынған несие ойлағаннан да тез өтеледі.

Мысал: Таксопарк иесі лизингке немесе кредитке 5 жаңа көлік алады. Олардың әкелетін қосымша табысы ай сайынғы төлемді жауып қана қоймай, үстінен таза пайда әкеледі.

Пайдасы: Сіз жаңа активтен табысты бірден таба бастайсыз, қажетті соманы бір жыл жинағанша күтпейсіз. Оның үстіне, сол уақытқа дейін жабдық қымбаттап кетуі мүмкін.

3-сценарий: Маркетплейстерде масштабтау

Сатушылар жиі тауардың күрт сұранысқа ие болып, қалдықтардың көз алдында азайып жатқан жағдайына тап болады. Табыс табу мүмкіндігін жоғалтпау үшін келесі партияны шұғыл сатып алу қажет.

Мысал: Kaspi немесе Wildberries-тегі дүкенде сұраныс күрт өсті. Бірақ көлемі үш есе үлкен закупқа өз қаражаты жетпейді.

Пайдасы: Қарыз қаражаты топ-позицияны сақтап, кредит бойынша пайыздан әлдеқайда жоғары табыс табуға мүмкіндік береді.

4-сценарий: Көлем үшін жеткізушілер беретін жеңілдіктер

Кейде жеткізушілер толық төлемді дәл қазір жасаған жағдайда немесе ірі көтерме сатып алуда айтарлықтай жеңілдік ұсынады.

Мысал: Құрылыс материалдарын жеткізуші 10 млн теңгелік сатыпалым үшін 15% жеңілдік береді.

Пайдасы: Егер несие мөлшерлемесі алынған жеңілдіктен төмен болса, сіз бәрібір ұтасыз және айырмашылықтан пайда табасыз.

Стратегиялық резерв: несие желі

Көпшілік ұмытып кететін тағы бір құрал — несие желі. Бұл бір рет алып, бүкіл сомаға бірден пайыз төлейтін классикалық несие емес.

Бизнес үшін пайдасы:

Сізге, мысалы, 20 млн теңге лимит мақұлданады және ол шотта жай ғана «жатады».

Нәтиже үшін төлем: Пайыз тек нақты шешіп алып, пайдаланып отырған сомаға ғана есептеледі. Ақшаны қайтардыңыз — пайыз есептеу тоқтайды.

Алдын ала әрекет ету: Несие желісін бизнесіңіз жақсы жүріп тұрған кезде ашу керек. Дағдарыс басталғанда немесе жеткізушіден шұғыл тиімді ұсыныс түскенде, құжат жинап, банктен мақұлдау алуға уақыт болмайды.

Қорытынды

Несие — бұл ең алдымен математикалық шешім. Егер инвестицияның табыстылығы ақша құнынан жоғары болса, қарыз бизнес үшін өсімнің отынына айналады. Ең бастысы — қаржы құралдарын уақытында енгізу. Себебі көбіне бизнестегі тоқырау мен қарқынды серпілістің арасын дәл уақытында тартылған капитал ажыратады.

Бухта өнімдерінің қатарында МҚҰ бағыты да бар. Біз ЖК мен ЖШС үшін 1 млн теңгеден 55 млн теңгеге дейінгі кепілсіз кредиттерді 5 күннен 2 жылға дейінгі мерзімге береміз. Жоғары мақұлдау деңгейі мен бизнес-деректеріңізбен интеграцияның арқасында бұл — Қазақстан нарығындағы ең жедел қаржы құралдарының бірі. Егер бизнесіңізге өсу үшін ресурс қажет болса, бізге mfo@buhta.com поштасына жазыңыз — қарызды толық жапқанға дейін-ақ өзін ақтайтын шешім ұсынамыз.