Бухта Starlink қазақстандық пайдаланушыларына чектердің фискализациясын қамтамасыз етеді
Қазақстандағы технологиялық революция «Бухтамен» бірге басталады
2025 жылдың 13 тамызынан бастап Starlink Қазақстанда ресми түрде спутниктік интернет қызметтерін ұсына бастады. «Бухта» fintech-компаниясымен қол қойылған келісімнің арқасында, еліміздегі Starlink қызметтеріне төленген барлық төлемдер бойынша фискалдық чектер buhta.com жүйесі арқылы жүргізіледі.
Бұл Starlink абоненттеріне SpaceX-тің төмен орбиталы спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға мүмкіндік ғана бермей, одан әрі барлық есеп-айырысулардың дұрыстығы мен ашықтығына сенімді болуға жағдай жасайды.
«Қазақстандағы технологиялық революция «Бухтамен» бірге басталғанына қуаныштымыз. Біздің сервистер Starlink пайдаланушыларына төлемдерді қауіпсіз, автоматтандырылған және заңға толық сәйкес есепке алу процесін қамтамасыз етеді. Біз Starlink-пен бірге еліміз үшін байланыс саласында жаңа дәуірді ашып, бизнес пен адамдарға ұзақ жылдар қызмет ететін инфрақұрылым құратынымызға сенеміз», – деді «Бухта» финтех-компаниясының CEO-сы Әсет Нұрпейісов.
Компания туралы
«Бухта» – кез келген бизнес түріне кешенді цифрлық инфрақұрылым жасайтын қазақстандық fintech-компания. 11 жыл ішінде «Бухта» онлайн-бухгалтерияның аутсорсингтік сервисінен бизнеске арналған жеке IT-өнімдерге дейін дамыды. 2024 жылы компания Қазақстанда фискалдық деректер операторы атанып, клиенттерінің пайдаланушылық тәжірибесін жаңа деңгейге көтерді.