Такси сапарлары үшін салық қызметінен кешбэк: фискалдық чектер үшін ақша қайтару бағдарламасы кеңеюде
Кешбэк қайтару мемлекеттік бағдарламасы бонус берілетін чектер тізімін кеңейтті
Қазақстанда фискалдық чектер үшін кешбэк қайтару мемлекеттік бағдарламасы кеңеюде. Енді тұтынушылар такси сапарлары үшін 2% көлемінде қаражатты қайтара алады және бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады.
Бұл мүмкіндік жаңа серіктес – «Бухта» фискалдық деректер операторының қосылуы арқылы мүмкін болды, ол такси сервистерімен (Яндекс Go және т.б.) жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарлама ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен Amian мобильді қосымшасы арқылы іске асырылады.
Бұл қалай жұмыс істейді:
1. Тауар / қызмет сатып аласыз немесе сапар жасайсыз.
2. Фискалдық чекті сақтайсыз.
3. Amian мобильді қосымшасына чек қосасыз: QR-кодты сканерлеп немесе чек сілтемесін жүктеп. Және өз сомаңыздың 2% мөлшерінде кешбэк аласыз.
Қосымша App Store мен Google Play-де тегін қолжетімді. Қаражатты банк картасына шығаруға немесе ұялы телефон нөміріне аударуға болады.
«Такси сапарларын фискализациялау – күнделікті шығындардың ашықтығына бағытталған маңызды қадам. Біз осы қоғамға пайдалы бағдарламаның бөлігі болғанымызға қуаныштымыз және пайдаланушыларға сапарға жұмсаған ақшаның бөлігін қайтару мүмкіндігін ұсынуға дайынбыз», – деп «Бухта» финтех-компаниясында пікір бөлісті.
Пайдаланушылар үшін бұл тиімді, себебі чектер кэшбэкпен қатар мынадай бағалы сыйлықтар алуға мүмкіндік береді:
• «Бәйге» аймақтық акциясы
Әр тоқсан сайын әр аймақтан ең көп чек жүктеген бір адам жеңімпаз атанып, 100 мың теңге көлемінде сыйақы алады. 20 аймақ – 20 жеңімпаз.
• Яндекс Лавка сервисінде алғашқы тапсырысқа 50% жеңілдік.
• Anytime каршерингінде 5 мың теңгелік жеңілдік және т.б.
Бұл көлеңкелі экономикамен күрестегі тиімді тәсіл – адал бизнесті ынталандырып, тұтынушыларға нақты қаржылай пайда әкеледі.