Бизнес-карталарды тәуекелсіз қолдану: «Бухта» Visa алаңында банк секторына салықтық нюанстарды түсіндірді

«Бухтаның» сараптамасы қатысушыларға банк өнімін кәсіпкер мен бухгалтердің көзімен қөруге мүмкіндік берді.

2026 ж. 12 сәуірде Астанада банк секторы өкілдерінің кездесуі өтті, онда корпоративтік және бизнес-карталармен жұмыс істеудің қолданбалы сценарийлері талқыланды. Іс-шараға қаржы индустриясынан ≈50 басшы қатысты.

Іс-шара спикерлерінің бірі — «Бухта» fintech-компаниясының project-менеджері Абылқасым Әбілденов болды. Сессия барысында ол өзекті корпоративтік және бизнес-карталардың жұмыс істеу механизмін түсіндірді.

Баяндаманың тезистері:
• Тосын сыйсыз салықтар: шығындар шегерімге қабылдануы үшін карталарды ЖШС мен ЖК-де қалай дұрыс пайдалану керек.
• Шегерімдердің заңдылығына салық органдары күмән келтірмейтін құжаттардың ең аз жиынтығы.
• Кейстер мен практика: қолма-қол ақша алу кезіндегі тәуекелдер және банктердің бонустарын есепке алу.

«Бухтаның» сараптамасы қатысушыларға банк өнімін кәсіпкер мен бухгалтердің көзімен қөруге мүмкіндік берді. Осы тәсілдің банктерге пайдасы тиеді. Клиенттердің негізгі мәселелерін тереңірек түсінуге және корпоративтік карталарды бизнесті тиімді жүргізудің құралы ретінде ұсынады.